Түркістан қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, ұсталған азаматтың 5 аса ауыр қылмысты жасағаны анықталып отыр. Оның ішінде "Бас бостандығынан заңсыз айыру", "Өкімет өкіліне қарсы тұру" және "Автокөлікті айдап кету" қылмыстары бар.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ішкі істер министрлігінің арнайы есебінде тұрған 1988 жылғы азаматты ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің жетекшісі деген күдікпен Түркістан көшелерінің бірінде жедел-іздестіру шарасы барысында ұстады. Бірақ ол полиция қызметкерлеріне бағынбай, қашып кетуге әрекеттенді.
"Күдіктіні ұстау барысында, күдікті полиция қызметкеріне бағынбай, қарсылық көрсетті. Ол полиция қызметкерін соққыға жығып, ВМW-525 маркалы автокөлігімен белгісіз бағытқа қашып кетуге әрекет жасады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, күдіктіні тінту барысында одан "Страж" тапаншасы мен оның оқтары табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, оның басқаруында болған ВМW-525 маркалы автокөлігінің облыс орталығының 40 жастағы тұрғынының меншігі екені анықталды, ол көлік 2014 жылдың қазан айынан бастап айдап әкетілген автокөліктердің тізімінде тұрған. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы ("Автокөлік құралын айдап кету") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда күдікті Түркістандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүріп жатыр.