27 тамыз 2014 | 18:57

Түрмеде радикалды экстремистерді бөлек ұстайды - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews ©tengrinews

Қазақстанда діни экстремизм үшін сотталған кейбір азаматтарды басқалардан бөлек ұстайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібековке сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда діни экстремизм үшін сотталған кейбір азаматтарды басқалардан бөлек ұстайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібековке сілтеме жасап. 

Оның сөзіне қарағанда, қазір 300-ге жуық адам діни экстремизм мен терроризм үшін түрмеде отыр. "Олардың барлығы қатардағы сотталғандар сияқты қамалып жүр. Алайда солардың ішінде өзгелерге теріс әсер ететін адамдар тобы бар. Олар ұстамды болып жүре алмайды. Ондай адамдар бойынша біз дін істері комитетімен бірлесе отырып, тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Оған қажетті теолог мамандар, бағдарламалар мен заң актілері бар. Тәртіпті сақтау заңнамасына сәйкес, біз өз ұстанымын өзгертпейтіндерді, сондай-ақ теріс пиғылы бар адамдарды оқшауланған жерлерде ұстай аламыз", - деп мәлімдеді Жәнібеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.  

Комитет төрағасының айтуынша, оқшауланған жерлер сегіз тергеу изоляторында, сондай-ақ әртүрлі режимдегі бірнеше коллонияда бар. "Біз оларды сол жерлерге қамаймыз да, арнайы мамандар олармен жұмыс істейді. Ұстамды болғандарды дағдылы коллонияға ауыстырамыз. Олардың құқықтары еш бұзылмайды. Күнделікті серуен мен тамақтану жүйесі сақталады", - дейді Жәнібеков.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети