26 маусым 2015 13:14

Түрмеден қашқан қазақстандықтар әлі іздестіріліп жатыр - Қырғызстан МҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қырғызстан түрмесінен қашып шыққан екі қазақстандық әлі ұсталған жоқ. Оларды қолға түсіру үшін "Ұстау" жоспары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты Қырғызстан МҰҚК баспасөз хатшысы Рахат Сүлайманов растады.

Республиканың МҰҚК мәліметінше, кей ақпарат құралдары қылмыскерлердің ұсталғаны туралы жалған ақпарат таратқан. Қазақстандықтарды іздеу шаралары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органының қызметкерлері арнайы операция туралы кейіннен толығырақ айтып береміз деп уәде берді.

Еске сала кетейік, 25 маусымда МҰҚК қызметкерлері түрмеден қашқан екі қылмыскерді ұстауға әрекет жасады. Олар жауап ретінде қарулы қарсылық көрсетіп, кейін жасырынып қалды. Қазақстан азаматтарының кім екені анықталды. Олар 1991 жылы туылған Абхин Альберт пен 1988 жылғы Әшіров Жанболат. 2014 жылы олар "Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту" және "Жалған құжат, мемлекеттік марапат, мөртаңба, бланкты заңсыз қолдану, жасау" баптары бойынша төрт жылға бас бостандықтарынан айырылған болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети