24 маусым 2020 | 11:00

"Түрмеден шығарып беремін". Түркістан облысында ер адам 1,5 миллион теңгеге алдап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері туысын түрмеден шығарып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полицейлері туысын түрмеден шығарып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төле би аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, өзіне жақсы таныс емес адам, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған қайнысын түрмеден босатып беремін деп алдап, сеніміне кірген. Содан тұрғын алаяққа алданып, бірнеше бөліп ақша бергенін, әні-міне шығарады дегеніне сенгенін, осылайша жылға жуық уақыт өтіп, енді полицейлерден басқа ешкім күдіктіні ұстай алмайтынын айтып, көмек сұраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі - 1,5 миллион теңге. Әйелді алдап түсірген алаяқты анықтап, ұстау мақсатында Төле би аудандық полиция бөлімінің қырағы полицейлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылған. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің айтуымен күдіктіні іздеп, басқа аудан, қалаларға бағыттамалар берген.

Нәтижесінде алаяқтың жеке-басы анықталып, қашып жүрген ол, үйіне келген жерінен ұсталды. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

"Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушімен кездейсоқ кездесіп қалып, әңгіме арасында сотталған қайнысын шығара алатын айтып, алдап, одан ақша алғанын толық мойындады. Күдікті өз сөзінде осы қылмысты ақша қажет болғандықтан, оңай жолмен олжалы болу мақсатында жасағанын жеткізді. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары “Алаяқтық” бабымен жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданған", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети