Ақтөбелік такси жүргізушісі екі жолаушы көз жұмған оқиғаға байланысты сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбелік такси жүргізушісі екі жолаушы көз жұмған оқиғаға байланысты сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.
29 жастағы ақтөбелік Lada Largus автокөлігімен адамдарды тасымалдаумен айналысқан. Ол Қандыағаштан алты жолаушы алып, Ақтөбеге апара жатқан. Жолда көлігі қарсы жолға шығып кетіп, ГАЗ-5312 жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жеңіл көліктегі ер адам мен әйел қайтыс болған. Сол көліктегі тағы екі жолаушы мен жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алған.
Такси жүргізушісі адамдардың өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін сотталды. Сот жолда Lada Largus жүргізушісі күн сәулесінен шаршап, ұйықтап кеткенін анықтады. Нәтижесінде, ол көлікті басқара алмай, жол апатына себепкер болды. Оқиға екі адамның өліміне әкеп соқты. Зардап шеккен жолаушылар мен қайтыс болғандардың туыстары жүргізушіні кешірді. Ол өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтегенін түсіндіріп, рақымшылық жасауды өтінді.
Сотта бұл жағдайда рақымшылық жасалмайтыны айтылды. Жүргізушіні 5 жыл ең төменгі қауіпсіздік колониясында мерзімін өтейді және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!