ҰҚК: 7 қазақстандық пен бір шетелдік терроризмді насихаттады деген айыппен сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК: 7 қазақстандық пен бір шетелдік терроризмді насихаттады деген айыппен сотталды Фото: ҰҚК

Қазақстандықтар мен шетел азаматы терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар мен шетел азаматы терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 Қазақстан азаматы және 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдстыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

"Сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарламада.

Сотталушылардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

"Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға жазаланған. 2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети