28 сәуір 2020 13:02

ҰҚК Алматыда бір топ адамды ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі заттарын өткізуге қатысы бар есірткі тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі заттарын өткізуге қатысы бар есірткі тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылғы 16 сәуірде ҰҚКД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында 300 грамм мөлшерінде синтетикалық есірткі өткізу кезінде Алматы қаласының С еcімді тұрғынын ұстады. Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3-тармақшаларына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр", - дейді комитеттегілер.

ҰҚК мәліметінше, соңғы кездері Алматы аумағында синтетикалық түрдегі есірткіні жасырын қолдан жасау және өткізу фактілерінің артуы байқалатынын атап өту керек.

"Соңғы уақыт ішінде ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі құралдарының заңсыз айналымының
16 фактісінің жолын кесті, заңсыз айналымнан 9 келіден психотроптық зат пен 986 литр химиялық қоспа алды. Үш жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды. Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 13 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді ҰҚК.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети