ҰҚК алматылық атқыш қай елдерге барғаны туралы мәлімет жариялады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК алматылық атқыш қай елдерге барғаны туралы мәлімет жариялады

Алматылық атқыш Игорь Дужнов Қазақстан аумағынан 14 рет шыққан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық атқыш Игорь Дужнов Қазақстан аумағынан 14 рет шыққан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Дужнов 2003 жылдан 2012 жылға дейін 6 елде болған. 

"Атап айтқанда, азамат Игорь Дужнов Таиландқа (2003, 2004, 2007 және 2008 жылдары), Ресейге (2004, 2006, 2007 және 2009 жылдары), Қытайға (2006, 2007 және 2012 жылдары), сонда-ақ Түркияға (2005 жылы) және Нидерландыға (2005 жылы) барды",-деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ҰҚК мәліметтері бойынша, ол 2008 жылдың қыркүйегінде Украинада да болған. Алайда қандай мақсатпен барғандығы көрсетілмеген.

Еске салайық, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтек ауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети