21 мамыр 2024 | 09:25

ҰҚК арнайы операция кадрларын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жалпы құны 4,2 миллиард теңге болатын есірткінің ірі партиясы тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда жалпы құны 4,2 миллиард теңге болатын есірткінің ірі партиясы тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарын үйлестірудің көмегімен Павлодарда синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 келіден астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді", - делінген хабарламада.

"Қара нарықта" тәркіленген есірткінің құны 4,2 миллиард теңге болады, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети