ҰҚК арнайы операциясы: Қазақстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура көмегімен сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура көмегімен сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы 2-бөлігі және 272-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталған. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленген.

"Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, азаматтық нысандарға қару мен тұтандырғыш заттарды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғаны анықталды.

Топтың әрбір мүшесінің ролі нақты бөлінген, қылмыстық жоспар жасырын шараларды сақтай отырып, тұрақты кездесу барысында талқыланған", - делінген хабарламада.

Топ мүшелері "бөтелке лақтырғыш" деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен "Молотов коктейльдерін" лақтырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көзін құртуды жоспарлаған.

Жасырын орындар ұйымдастырылып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар - Калашников автоматы, ойық ұңғылы "Меркель" мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, "Молотов коктейльдеріне" арналған сұйықтықтығы бөтелкелер, "бөтелке лақтырғыштар", бензин құйылған канистралар, рациялар сақталған.

Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro