02 наурыз 2017 | 10:54

ҰҚК Астанада "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының ұяшығын ашқысы келді деген күдікпен ер адамды ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

ҰҚК Астанада "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының ұяшығын ашқысы келді деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК Астанада "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының ұяшығын ашқысы келді деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК өкілдеріне сілтеме жасап.

"1 наурызда ҰҚК сотқа дейінгі тергеу шеңберінде елордада "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының бастауыш ұйымын құруға ниеттенген Астана қаласының тұрғыны "А.К." ұстады", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Осыған дейін, ақпанда Алматыда "Хизб-ут-Тахрир" идеясын насихаттайтын парақшалар таратып жүрген адам ұсталған еді. Осы деректер бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.

"Хизб-ут-Тахрир"өзін "әлемдік халифат" құруды көздейтін саяси партия ретінде көрсетеді. Ол үшін әлемнің түрлі елдерінде діндар адамдар арасынан жақтастар тартумен айналысатын жасырын бастауыш ұйымдар құруда. "Хизб-ут-Тахрир" идеологиясы зайырлы үкіметке қарсы қарулы күреске де рұқсат етеді.  

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында бұл ұйымның Ресейде, Пәкістанда, көптеген араб мемлекеттерінде, Еуропа, Оңтүстік Шығыс және Орта Азия елдерінде лаңкестік ұйым ретінде заңмен қудаланатыны айтылады.

Қазақстанда "Хизб-ут-Тахрир" қызметі 2005 жылдың наурыз айында Астана қаласының сотымен экстремистік деп танылып,  тыйым салынған.

Сол уақыттан бері құқық қорғау және арнайы органдар оның 160 басшысы мен белсенділерін қылмыстық жауапкершілікке тартты. 700-ден аса адам экстремистік идеологиядан өз еркімен бас тартты.

Қазақстанда "Хизб-ут-Тахрир" әрекеттерін қайта жандандырудың жекелеген ұмтылыстары әдетте сыртқы насихат ықпалы арқылы көрініс тауып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети