Қарағанды облысында радикал діни топ іс-әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында радикал діни топ іс-әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолын кесті. Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды", - делінген хабарламада.
Бұл адамдардың террорлық топ құру және оның әрекеттеріне қатысқаны, сондай-ақ терроризмді насихаттағаны бойынша күдікке ілініп отырғаны айтылады.
Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде, басқа мәліметтер тергеу мақсатында жарияланбайды екен.