ҰҚК қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жаппай тәркіленуі туралы айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпан-наурыз аралығында заңсыз айналымнан, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпан-наурыз аралығында заңсыз айналымнан, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында елестету қаруын жауынгерлікке қайта жасау жөніндегі цех жойылды. Осы әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен екі азамат ұсталды. Ұстау кезінде 4 "Калашников" автоматы, "СКС" иір ойықты карабині және 48 патрон тәркіленді.

Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы қару дүкенін тонауға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды. Тергеу іс-қимылдары барысында қылмыстық топ қару жасырған орын табылып, одан 189 патрон тәркіленді.

Алматы қаласында бұрын ұсталған "Қазақстандықтар" ҰҚТ мүшелері 19 бірлік тегіс ұңғылы мылтықты ерікті түрде тапсырды.

Сонымен қатар Алматы өңірінің тұрғындарынан 9 бірлік қару, 274 патрон тәркіленді.

Тараз қаласында анықталған жасырын орыннан 1 "Калашников" автоматы, калибрі 5.45 милиметр 31 патрон, оқжатары бар 2 "Макаров" пистолеті, 12-ші калибрлі бір ұңғылы келте мылтық тәркіленді.

Павлодар облысында 2 келте мылтық, 1 "Ф-1" гранатасы, "PTB140/2" маркалы пистолет және әртүрлі калибрдегі 70 патрон жасырған орын табылды.

Солтүстік Қазақстан облысында оқ-дәрілерді ұрлады және өткізді деген күдікпен Петропавл қаласының тұрғыны ұсталып, одан "Макаров" пистолетіне 961 патрон және "Калашников" автоматына 741 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

Түркістан облысында ҰҚК полициямен бірлесіп, Жетісай ауданының тұрғынын ұстады. Одан тұрғылықты жері бойынша келте мылтық және "Калашников" автоматына 20 патрон тәркіленді.

Қызылорда облысында иесіз қалған ғимараттағы жасырын орыннан оптикалық көздеуіші бар  "Тигр" маркалы 1 карабин және оған 17 патроны бар 2 оқжатар алынды.

Атырау облысында 12-ші калибрлі 2 тегіс ұңғылы келте мылтық тәркіленді.

Заңсыз айналымнан барлық алынғаны: 47 бірлік қару, 2 граната, 2398 оқ-дәрі.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro