25 наурыз 2022 15:56

ҰҚК Каспий теңізінде есірткі тиелген кемеден шетелдіктерді ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz, ©Tengrinews.kz фотоколлажы Фото: gov.kz, ©Tengrinews.kz фотоколлажы

Екі шетел азаматы мінген шағын кеме Каспий теңізінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Екі шетел азаматы мінген шағын кеме Каспий теңізінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы қазанда Шекара қызметі мен ҰҚК-ның Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізі су айлағындағы бірлескен іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін екі шетел азаматы мінген "Амур" типті шағын кемені ұстады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жүзу құралын тексеру барысында салмағы 14 келі "апиын", 8 келі "гашиш" және "метадон" психотроптық затының 29 пластинасы табылып, тәркіленген.

2021 жылғы желтоқсанда ұсталғандардың бірі 392-баптың 1-бөлігі ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге ҚР шегінен шығарумен 6 айға бас бостандығынан айырылған.

2022 жылғы 10 наурызда Мамандандырылған ауданаралық сот екінші шетелдік азаматты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп таныған. Оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтей отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети