ҰҚК Қазақстан шекарасында шетелдікті ұстады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Қазақстан шекарасында шетелдікті ұстады Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстанға кіргізу әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстанға кіргізу әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының "Жібек жолы" өткізу пунктінде шекара наряды шетелдік мінген автокөлікті тоқтатқан.

"Көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі", - делінген хабарламада.

Факт бойынша, материал ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-тармағы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК-ның 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети