ҰҚК Қазақстанның екі өңірінде мефедрон мен спайс сатушыларды ұстады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Қазақстанның екі өңірінде мефедрон мен спайс сатушыларды ұстады Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Желі арқылы мефедрон мен спайс сатқан бес азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Желі арқылы мефедрон мен спайс сатқан бес азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті 14 ақпанда Петропавл және Өскемен қалаларында интернет-дүкендер арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан бес азаматты ұстады", - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, заңсыз айналымнан екі келіден астам мефедрон, α-PVP (alfa-PVP) және 600 грамм спайс қоспасы тәркіленген. 

Соталды тергеп-тексеру материалдары Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети