ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 маусым 2026 17:50
ҰҚК Қазақстанның шығысында мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерін ұстады
Абай облысында жүргізуші куәлігін алу кезіндегі жемқорлық схеманың жолы кесілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.
Абай облысында жүргізуші куәлігін алу кезіндегі жемқорлық схеманың жолы кесілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.
Абай облыстық прокуратурасының мәліметінше, зыңсыз әрекет қадағалау органының нұсқауы бойынша жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде анықталды.
Тергеу нұсқасы бойынша, мамандандырылған ХҚКО-да азаматтардан жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандардан сәтті өткізу мақсатында заңсыз ақша алу схемасы жұмыс істеген.
Жүргізуші куәлігін ақшаға алу схемасы қалай жұмыс істеген?
Тергеу барысында мамандандырылған ХҚКО-ның жекелеген қызметкерлері сенімді адамдар арқылы жүргізуші куәлігін сыйақыға алуға мүдделі азаматтарды іздеумен айналысқаны анықталды.
"Сонымен қатар, заңсыз схемаға делдалдар тартылған, олар үміткерлерге нұсқаулық жүргізіп, теориялық емтихан тапсыру кезінде дұрыс жауаптарды алуға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз еткен. Аталған техникалық құралдар алынып, заттай дәлелдемелер ретінде танылды", - деп хабарлады прокуратура.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ҰҚК Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мамандандырылған ХҚКО-ның лауазымды тұлғаларын ұстады.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқықбұзушылықтың барлық мән-жайын, сондай-ақ оған қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Прокуратура пара беру мен алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді заңсыз жолмен алу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық жүргізушілерге дайын құжаттарды алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ларға барудың қажеті жоқ екені хабарланған болатын. "ХҚКО" мобильді қосымшасында жеткізу қызметі іске қосылды. Енді көлік иелері жүргізуші куәлігін, техпаспортты немесе автокөлік нөмірін үйге жеткізуге тапсырыс бере алады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу