"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік Комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде "Қазгидромет" РМК-ның бірқатар басшысы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-тармағымен көзделген ("Пара алу") қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Комитеттегілердің мәліметінше, қазіргі кезде жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.
© knb.gov.kz