09 шілде 2021 | 17:27

ҰҚК қылмыс әлемінің серкесін жалған доллармен ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Алматыда трансұлттық қылмыстық қоғамдастық көмекшісі ұсталды. Одан жалған шетел валютасы тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.


Алматыда трансұлттық қылмыстық қоғамдастық көмекшісі ұсталды. Одан жалған шетел валютасы тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 27 маусымда Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топ көмекшісін шетелдік валюта өткізбек болғанда ұстады.

Қылмыстық ортаның "беделдісі" ұсталып, одан жалған 400 мың АҚШ доллары табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

 Осы факт бойынша ҚР ҚК 231-бабы 2-бөлігі ("Жалған ақша және бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау, алып өту, сақтау") бойынша соталды тергеу басталды.

 Бап бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Қылмыскер айыбын мойындады.

"Ақтөбе кәсіпкеріне көлігі мен жер телімін заңсыз иемдену дерегі бойынша өздігінен иелік ету айыбы тағылып отыр.

Алынған деректер бойынша, ұсталған адам Қырғызстан мен Ресей қылмыс әлемінің серкелерімен байланыста болған. Ұйымдасқан қылмыстың экономика саласына енуі оның тұрақты дамуына кедергі келтіріп, көлеңкелі капиталдың артуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

 Сурет: ҰҚК

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети