15 мамыр 2014 | 22:06

ҰҚК майоры Алматыдағы Қазкоммерцбанкті тонаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақылау бейнекамерасындағы көріністер Бақылау бейнекамерасындағы көріністер

Алматы бойынша ҰҚК департаментінің майоры Халиулла Балтабаев Қазкоммерцбанктің жергілікті бөлімшесін тонаған. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне қала прокуратурасынан мәлімдеді. Тонаушылар Қазкоммерцбанктен 93 миллион теңгені қымқырып кеткен.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы бойынша ҰҚК департаментінің майоры Халиулла Балтабаев Қазкоммерцбанктің жергілікті бөлімшесін тонаған. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне қала прокуратурасынан мәлімдеді. Тонаушылар Қазкоммерцбанктен 93 миллион теңгені қымқырып кеткен.

Бұл іс жөніндегі үкім 2014 жылы 30 сәуірде жарияланды. ҰҚКД-нің Бостандық ауданы бөлімінің экс-қызметкері он жыл жазасын өтеуге кесіліп, майор шенінен айырылып және мүліктері тәркіленді.

Алматы прокуратурасының деректері бойынша, тонау 2009 жылдың қазан-қараша айларында болған. Топта Балтабаев, Қажыбеков Е.С., Кеңсебаев К.М., Мамедов Р.М., Сағымқұлов А., Столяренко С., Утяганов С.У және басқа да анықталмаған адамдар болғандығы мәлімденді. Олар "Қазкоммерцбанк" АҚ филиалындағы "Гарант" ЖШС-нің есепшотынан 93 миллион теңгені "КЗИ банк" АҚ-ына аудару үшін қылмыстық рөлдерді өзара бөлісіп алған.

"Сол жылы 11 қаршада топ мүшелері қолдан жасалған құжаттарды қолдана отырып, "КЗИ банк" АҚ-ындағы С.Утягановтың есепшотына 92 721 500 теңгені аударған", - деп мәлімденді баспасөз қызметінде.

Қазкоммерцбанкті тонаған Балтабаевтан басқа зиянкестердің бәрі 2010 жылы айыпталғандықтары айтылды. 2013 жылға дейін бой тасалап жүрген ҰҚК майоры қазан айында ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды және сот болды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматыдағы банктердің бірінен бір миллион доллар қолды болды. Алаяқтарға қаржы институтының қызметкері көмектескен. Алаяқтыққа бес адам қатысқан. Айта кетейік, операцияның соңғы кезеңінде қаражатты алған күдікті алдын-ала сән салонына барып, стильді киім сатып алған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети