ҰҚК мен Антикор Алматы облысында арнайы операция жүргізді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК мен Антикор Алматы облысында арнайы операция жүргізді Видео кадры

Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және Талдықорған көлік прокуратурасымен бірлесіп Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметінің жолын кесті.

"Бөлім басшысы мен оның екі қызметкері 2021 жылдың басынан бастап 2022 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жүйелі негізде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алды", - делінген хабарламада.

Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Күдіктілерге қатысты түпкілікті үкімді сот шығарады.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы облысының көліктік бақылау инспекторлары ұсталған сәттен түсірілген кадрлар пайда болған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети