ҰҚК операциясы: 200 келі жарылғыш зат тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК операциясы: 200 келі жарылғыш зат тәркіленді Фото:gov.kz

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 келі аммиак селитрасы (60 келі тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленген.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети