Украина азаматтары Алматы маңында есірткі зертханасын ұйымдастырған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Алматы облысы ПД Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

22 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға Қарашығыл аңшылық шаруашылығы қорықшыларынан Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылы шетінен күдік тудырған Украинаның екі азаматы туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 43 және 28 жастағы шетелдіктердің автокөліктерін тексеру орнынан алыс емес жерде тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қара түсті пакетті тапты. Ал пакет ішінен ақ түсті ұнтақ түріндегі заттары бар мөлдір полиэтилен пакеттер тәркіленді. Бұдан әрі Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері жедел іс-шара барысында ықтимал есірткі зертханаларының екі мекенжайын анықтады", - делінген хабарламада.

Санкцияланған тінту жүргізу кезінде аталған орыннан Украина республикасының тағы 6 азаматы ұсталған. Сонымен қатар, зертханалық жабдықтар, шыны ыдыстар мен кристалды заттары бар металл табақтар, химиялық заттар тәркіленген. Тінту кезінде шамамен 30 келі "жылдамдық" есірткі заты тәркіленді.

Дерек бойынша соталды тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасы жүргізеді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген. Күдіктілер қамауға алынды.

Жауап алу кезінде ұсталғандар үшінші зертхананың ашылуына дайындалғандарын жеткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro