27 сәуір 2015 | 19:14

Украинадағы әскери қақтығысқа қатынасқан қазақстандық сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау тұрғыны Украинадағы әскери қақтығысқа қатынасқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі блыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Украинада соғыс 2014 жылдың сәуір айынан бері жалғасып келеді.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау тұрғыны Украинадағы әскери қақтығысқа қатынасқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі блыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Украинада соғыс 2014 жылдың сәуір айынан бері жалғасып келеді.

"Сотталушы 2014 жылдың 2 мамырында Донецк халық республикасы сарбаздары сапында соғысуға бекем бел байлап, ғаламтор желісі арқылы өзіне керекті мәліметтерді, адамдарды іздестіріп, байланысқа шығады. Солардың айтуымен 2014 жылдың шілде айында әуелі пойызбен Ресейдің Астрахан қаласына, одан кейін автобуспен Дондағы Ростов қаласына келеді. Сол жерде тиісті адамдарға жолығып, ерікті жасақ құрамына қабылданады. Оған анкеталық мәліметтерін жасыру үшін "Раш" жалған есімі берілді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Тергеу мәліметінше, ол шілде айының 14 жұлдызында жаңадан жасақталған еріктілер взводы сапында Ресей-Украина шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Донецк қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Оны бітіргеннен кейін қарсы барлау батальоны құрамында ДХР қарулы күштері басшыларының әртүрлі әскери тапсырмаларын орындауға кірісті. "ЗУ-23С" және "Стрела" зениттік қондырғыларын ұрыс жағдайында қалай пайдалану керектігін үйреніп, ұшқышсыз ұшақты атып құлатуға қатысты.

Еске салайық, Украинада соғыс ымыраға келу кезеңінде. 14 сәуірде Донецк төңірегіндегі Пески пунктіндегі елді мекенде қарулы қақтығыс болғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети