ҰҚТ "Қазатомөнеркәсіптен" жанармай мен басқа да бағалы заттар тонаған - ІІМ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен Түркістан облысы Полиция департаменті Созақ ауданында "Қазатомпром" кәсіпорындарынан аса ірі көлемдегі жанармай мен басқа бағалы заттар тонаған қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен Түркістан облысы Полиция департаменті Созақ ауданында "Қазатомпром" кәсіпорындарынан аса ірі көлемдегі жанармай мен басқа бағалы заттар тонаған қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҰҚТ жанармай мен өзге де бағалы заттарды шығаруға әрекет жасаған кезде ұсталды. Топта 10-нан аса адам болған, оның ішінде сотталғандар мен деструктивті діни ағым өкілдері бар. Жедел ақпарат бойынша олар ай сайын он миллион теңге көлемінде мүлік тонаған. Тоналған заттардың радиациялық қауіпі мен тасымалдау, сақтау талаптарының сақталмауы қылмыскерлерді тоқтата алмаған.

Сондай-ақ, олар бопсалау, кәсіпкерлерге "қамқорлық жасаумен" айналысқан. Қылмыстық ортада күшін нығайту үшін қару қолданған.

Тінту барысында қылмыскерлерден есірткі, атыс қаруы, күмәнді діни әдебиет, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат, "қара бухгалтерия" блокноттары және "Қазатомпром" кәсіпорындарынан ұрланған бағалы заттар табылды.

Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 197 (Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сатып алу), 287 (Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, сату және сақтау) және 296 (Есірткі құралдарымен заңсыз іс-әрекет) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған деректер бойынша дәлелдер жиналып жатыр. Барлық жедел іс-шара прокурордың санкциясымен жүргізілді. Кінәлі адамдар ұсталып, сот санкциясымен тергеу изоляторына қамалды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro