Ұлттық бюро жаңа сыбайлас жемқорлық істері туралы хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық бюро жаңа сыбайлас жемқорлық істері туралы хабарлады © khersondaily.com

Жамбыл облысы Қордай ауданында 200 мың теңге пара алды деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Қордай ауданында 200 мың теңге пара алды деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, прокуратура қызметкерінің сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы жеке тұлға Ұлттық бюроның Call-орталығына (1424) қоңырау шалған соң белгілі болған. 

"Call-орталық арқылы келіп түскен хабарлама бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарының мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары пара алу фактісі бойынша әшкереленді. 2 наурызда Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлескен операциялар жүргізу барысында Жамбыл облысы Қордай ауданы прокуратурасының қызметкері қылмыстық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін азаматтан 200 мың теңге пара алған кезде әшкереленді", - деп хабарлады брифингте Шыңғыс Қабдула.

Оның айтуынша, 10 қаңтарда Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі № 131 мектеп директорының арыз берушіден жұмысқа орналасқаны үшін 50 мың теңге пара алғанын анықтады.

"27 ақпанда Түркістан облысында Төрткөл ауылдық округі әкімдігінің қызметкері әлеуметтік жәрдемақы рәсімдегені үшін жеке тұлғадан 20 мың теңге пара алған кезде ұсталды", - деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, хабарламалардың көпшілігі тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа және құқық қорғау органдары мен әкімдіктердің заңсыз әрекеттеріне қатысты екен. 

"Жыл басынан бері call-орталықтың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы қабылдаған хабарламалары екі еседен аса ұлғайды. 2017 жылы 35-тен 2019 жылы 808-ге дейін өсті. Егер 2018 жылдың осы кезеңінде осындай хабарламалар бойынша барлығы үш қылмыстық іс тіркелсе, биыл тоғыз қылмыстық іс болды", - деді Шыңғыс Қабдула.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети