13 маусым 2018 | 17:01

Ұлттық бюродағылар ДСМ комитеті басшысының ісі жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: dvinatoday.ru Иллюстрациялық сурет: dvinatoday.ru

Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің бұрынғы басшысы Назарбек Бейсен 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді. 


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің бұрынғы басшысы Назарбек Бейсен 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді. 

Жахин Астана қаласының Жемқорлықпен күрес қызметі ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Назарбек Бейсенге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады. 

"Ол Әзірбайжан Республикасының кәсіпкерінен "Тизабри" (Tysabri) дәрілік затын Қазақстан Республикасының формулярына енгізіп, ары қарай қолдау көрсету үшін 100 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Дегенмен Бейсенов аталған әрекеттерді жасамаған, осыған байланысты шетел азаматы Жемқорлықпен күрес агенттігіне хабарласқан", - дейді Жахин. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті үй қамағына алынды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети