Ұлытауда 10 тонна дизель отынын ұрламақ болғандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ұлытау облысының полицейлері 10 тонна дизель майын ұрлаудың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлытау облысының полицейлері 10 тонна дизель майын ұрлаудың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында Сәтбаев қаласындағы жеке аумақта темір контейнерлер (бөшкелер) тиелген жүк көлігін ұстады. Сонымен қатар полицейлер кәсіпорынның екі қызметкерін және Сәтбаев қаласының екі тұрғынын ұстады.

Аталған тұлғалар жанар-жағармай жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтіні анықталды. Сондай-ақ тасымалдау жасау кезінде күдіктілер жүктің бір бөлігін жүйелі түрде ұрлап, жұмыстан кейін оны одан әрі сату үшін арнайы жабдықталған жәшіктерге салынған контейнерлерге құйған. Оқиға орнында полицейлер 35 металл бөшке мен екі цистерна тапты – олардың барлығына жалпы салмағы 10 тонна дизель отыны құйылған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 8 миллион теңгені құрады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың сыбайластарын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro