ҰҚК "алтын" қылмыстық тобының ісі жайында мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК "алтын" қылмыстық тобының ісі жайында мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚХР аумағында заңсыз табылған құрамында алтыны бар кенді контрабандасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы, Астана және Степногорск қалаларында жүргізілген арнайы операция кезінде арасында Қытай азаматы бар қылмыстық ұйым мүшелері құрықталды. 

Алтынкөл бекетінде 106 тонна құрамында алтын бар кен тиелген екі вагон тоқтатылып, жалған құжаттар тәркіленгені хабарланып отыр.

"Алтын кендерін сақтауға арналған орындарға тінту жүргізілді. Кенді алтын барына тексеруге арналған, кішігірім зертхана анықталды. Бұл деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды және қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мақсатында жарияланбайды", - дейді комитет өкілдері. 

ҰҚК баспасөз қызметінен

Еске салайық, Алматыда құрымында алтын бар концентраттарды кварц ретінде Қытайға жөнелтіп отырған деген күдікпен қылмыстық топ мүшелері ұсталған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети