ҰҚК алтыны бар кенді ұрлаумен айналысқан топты ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК алтыны бар кенді ұрлаумен айналысқан топты ұстады © knb.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұзақ уақыт бойы Қытайға құрамында алтыны бар кенді контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, құрамында алтыны бар кенді ауқымды түрде заңсыз өндіру және ұрлау Ақмола облысының Степногорск өңірінде орналасқан кен орнынан жүзеге асырылған. Шикізатты зерттеу және қайта өңдеу үшін арналған жасырын зертханалар жойылды.

© knb.gov.kz

Алтын құрамы жоғары (тоннасына 1 келіге дейін) қазақстандық кен әртүрлі минерал (кварцит, пирит және басқалары) бүркемесімен жалған құжаттар бойынша шетелге шығарылған. Қылмыскерлер ай сайын шамамен 100 тонна құрамында алтыны бар шикізат шығарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети