Мәскеуде ресейліктер мен белорустар Қазақстанға ұрланған автокөліктірді айдап әкетпек болғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Lifenews.ru. Полиция Мәскеу маңайында жасырылған тоғыз машинаны тауып алып, кері қайтарған. Ұрланған автокөліктерді айдап әкетпек болған Беларусьтің екі азаматы, 53 жастағы мәскеулік және Мәскеу облысына қарасты Дзержинский қаласының екі тұрғыны жауапқа тартылады.

Олар қылмыстық бизнес ұйымдастырғандары үшін ұсталған. Қылмыскерлер автокөлікті ұрлап кетіп, агрегаттары мен шанақтарындағы нөмірлерін қырып (өзгертіп), содан соң Қазақстанға жіберіп отырған секілді. Басылымның мәлімдеуіне қарағанда, қылмыскерлер 2014 жылдың жазынан бастап, Мәскеу мен оның маңайында әрекет еткен. Полиция Mazda, Kia Rio, Hyundai Solaris, Hyundai IX35, Nissan Qashqai, сондай-ақ Nissan X-trail маркалы автокөліктерді қайтарып алған. Бұл машиналар тамыз-қыркүйек айларында Мәскеудің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерінде қолды болған.
Айта кетейік, бұған дейін Омбыда автокөлік ұрлағаны үшін Қазақстанның үш азаматы айыпталып, түрмеге қамалған. Ұрланған алты машинаның үшеуі иесіне қайтарылды. Оларды сотталғандар Қазақстанға жіберіп үлгермеген екен. Бұл қылмыстар 2013 жылы жасалған. Полицияға өтініш 2013 жылдың қазан айында түскен. Баукеспелерді бейнебақылауларға жазылып қалған көріністер арқылы айқындап, кейіннен автокөлік ұрлаушылар жалға алған пәтерлерінде ұсталған.