Ұрлықпен ұсталған Алматы облысының тұрғыны сот залынан шыға сала тағы қылмыс жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұрлықпен ұсталған Алматы облысының тұрғыны сот залынан шыға сала тағы қылмыс жасаған Сурет: polisia.kz

Алматы облысы Ескелді ауданының полицейлері төрт ұрлық дерегін ашып, үкімі заңды күшіне енбей қалған сотталушыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Ескелді ауданының полицейлері төрт ұрлық дерегін ашып, үкімі заңды күшіне енбей қалған сотталушыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйекте Қарабұлақ ауылының екі тұрғыны үйлерінде төрт ұрлық дерегінің болғаны туралы Ескелді аудандық полиция бөліміне арызданған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Басшылық ұрланған мүлікті тауып, кінәлі адамды ұстауды учаскелік инспектор полиция лейтенанты Гаан Евгенийге тапсырған. Жас полицей қажетті ақпараттарды тез жинап, бір тәулік ішінде барлық төрт ұрлық дерегін ашты. Күдіктінің 47 жастағы жергілікті тұрғын екендігі және жәбірленушілердің жақын туысы болғаны анықталды.

Сонымен қатар, 14 күн бұрын бөтеннің мүлкін үш рет ұрлағаны үшін ұсталған ер адамға қатысты Ескелді аудандық сотының үкімі шыққаны белгілі болды. Сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған, алайда сот залынан шыққан ол тағы да ұрлық жасаған. Ұсынылған дәлелдерден кейін күдікті төрт ұрлық дерегін толығымен мойындады және ұрланған мүлікті қайда және кімге сатқанын көрсетті. Қазіргі уақытта, күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети