04 ақпан 2014 | 15:35

Ұры мешітке келгендерді тонап кетіпті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса фото ©Нұрғиса фото

ОҚО құқық қорғау қызметкерлері Шымкенттегі мешіттердің бірінде ұрлықты кәсіп еткен 18 жасар жігітті қолға түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД сілтеме жасап. Қаңтар айының аяғында Шымқаланың полиция органына намазхандардан арыз келіп түскен. Онда олар мешітте құлшылық жасау кезінде қалталарынан ақша, ұялы телефон және басқа да құнды заттар ұрланғанын айтқан. Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, белгісіз біреулер оның мешіттің кіре берісіне қалдырған сырт киімінің қалтасынан 300 мың теңге және құны 90 мың теңгеден асатын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Полиция олгандарына мұндай арыздар бір емес, бірнеше рет түскен екен. Ішкі істер органының жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде шымкенттік тұрғын қолға түскен. Полицейлер ұсталған күдіктінің қалта ұрлығының алты фактісіне қатысы бар екендігін анықтаған. Қаскүнем құлшылық жасауға келушілердің бейқамдығын пайдаланып, мешіттің кіре берісінде қалған сырт киімдердің қалтасын үптеп кеткен. Жалпы оның жәбірленушілерге келтірген залалы жарты миллион теңгені құраған. Ұсталған адамның ОҚО аймағында басқа да қалта ұрлығына қатысы бар-жоғы анықталу үстінде. Қазір оған қатысты "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сезікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети