07 желтоқсан 2018 | 16:38

Ұрылардың жолын кеспекші болған күзетші қаза тапты: Күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының полицейлері адам өліміне қатысты күрделі қылмысты ашып, оған қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады,- деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының полицейлері адам өліміне қатысты күрделі қылмысты ашып, оған қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады,- деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға қараша айында Талғар ауданындағы шойын құятын цехтердің бірінде болған. Таңертең цех күзетшісінің мәйітін тауып алғандар полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары 43 жастағы ер адамның өліміне қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын шұғыл бастады. Қылмысты жан-жақты қарастыру мақсатында арнайы топ құрылды.

"Аса ауыр қылмысты не мақсатта және кім жасауы мүмкін" - деген сауалмен тәртіп сақшылары әртүрлі нұсқаларды қарастырды, оларды тексерді. Полицейлердің жан-жақты жүргізген іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген 30 және 32 жастағы екі азамат ұсталды. Оның бірі - шекаралас мемлекеттің азаматы болып шықты. Оқиға орнынан қылмыс құралы болуы мүмкін құбыр сынығы табылып, ол іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді",- делінген хабарламада. 

Алдын ала тергеу барысында күдіктілердің бірі осы цехке жақын маңда бұған дейін жұмыс жасағаны және сол түні түрлі-түсті металл сынықтарын ұрлау мақсатында цех аумағына кіргендері анықталды. Дегенмен, цех күзетшісі олардың жымысқы әрекетін іске асыруға кедергі келтіргені анықталды. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети