26 тамыз 2019 | 14:14

Үш адамды қасақана қақты: Полиция оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматы полициясы көліктің адамдарды жаппай қаққаны туралы оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы көліктің адамдарды жаппай қаққаны туралы оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 26 тамызда шамамен таңғы 5-те Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Себеп - көрші тұрған екі көңіл көтеру орындарының келушілері арасындағы жанжал шыққан. 

"Жанжал соңында ерегескендердің бірі қарсыластарын көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Олардың аты-жөндері анықталды, қазіргі уақытта оларды ұстау шаралары жүріп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293бабы, 345-бабы 2-бөлігі және 347-бабы бойынша іс қозғалған. Бостандық аудандық полиция басқармасының мамандары мен полиция департаментінің тергеу басқармасы осы іспен айналысып жатыр. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау және көліктерін тәркілеу шаралары жүріп жатыр", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Полиция мәліметінше, осы оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен, Олардың қолы, аяғы жарақаттанған, бас сүйек миы шайқалған. Олар қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді. 

Осыған дейін, Желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болды. Видеода бір топ жігіттердің екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасқанын көруге болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети