06 желтоқсан 2018 | 12:41

Үш облыста лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің үш облысында лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің үш облысында лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты.

Бастарованың айтуынша, Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/1 тергеу изоляторы мекемесінің басшысы міндетін атқарушы ұсталды. Қазіргі уақытта Ұлттық бюро оған қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

"Ол сотталушыны басқа мекемеге ауыстырмау үшін одан жүйелі түрде пара алып отырған. Параның жалпы сомасы - 678 мың теңге. Сондай-ақ, ол оған туыстарымен кедергісіз кездесуге мүмкіндік берген", - деді Бастарова.

Агенттік өкілі БҚО ҚАЖД қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы да пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Бұдан бөлек, ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/11" мекемесі басшысының орынбасары жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінгені айтылады.

Бастарованың айтуынша, осы деректер бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, Ақмола облысы Туризм басқармасы басшысының да күдікке ілінгені айтылады. Агенттік өкілінің айтуынша, ол жалпы сомасы 8,5 миллион теңге болатын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети