Ұсталған Акчуриннің ісі бойынша фигурант "Астана Тазалық" бас директоры қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұсталған Акчуриннің ісі бойынша фигурант "Астана Тазалық" бас директоры қызметінен босатылды Тұрар Қазанғапов

Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімінің орынбасары Риза Акчуриннің ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімінің орынбасары Риза Акчуриннің ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Астанадағы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметінен шеттетілгені хабарланған еді. Риза Акчурин Астана әкімдігінің "Астана Тазалық" ЖШС бас директорымен қылмыстық келісімде болып, "СБС-Снаб Сервис" ЖШС және "Install Service Com" ЖШС құрып, 2016 жылы жалпы сомасы 1,8 миллиард теңге болатын көшелерді механизациялық және санитарлық тазалау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жетуін заңсыз қамтамасыз етіп, заңсыз кіріс көрген.

"2016 жылы 27 желтоқсанда А.К. Басканбаевтың өз қолымен жазған арызы бойынша ол қызметінен өз еркімен босатылған", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жіберілген жауабында. 

2017 жылы 5 қаңтарда Астананың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Риза Акчуринді ұстағанын хабарлаған. Р.Акчурин өзінің қарамағындағы компаниялардың мүдделері үшін әкімдіктің лауазымды тұлғаларына бірнеше рет пара бергенін хабарлады ведомство өкілдері. Қазіргі кезде Р. Акчурин ҚР ҚК 128-бабына сәйкес, Астана ІІД уақытша қамау абақтысына жабылды. Соталды тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети