©РИА Новости
Ұсталған смс-терроршы ЦентрКредит банкінде стажер болып шамамен бір ай жұмыс істеген, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне банктің баспасөз қызметі мәлім етті. "Дархан Сәбденов ЦентрКредит банкінде шамамен бір ай жұмыс істеген және өз еркімен жұмыстан кетті", - деп мәлімдеді банктің Басқарма төрағасы Владислав Ли. "Ол 2013 жылдың басында банкте сынақ мерзімінен өткен. Бір айдан сәл аса уақыт жұмыс істеген соң, функционалды міндетін орындай алмағаны үшін, сонымен бірге еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан босатылған". Сондай-ақ банк Сәбденовтың ЦентрКредит банкінің несиелерін Алматы аймағындағы бақылау орталығының маманы болып қызмет істейтіндей заңды білімі мен жұмыс тәжірибесі жеткілікті болғанын айтты. Сынақ мерзімінен өтіп, құжаттарын рәсімдейтін кезде оған қатысты қандай да бір кедергілер болған жоқ. 18-ақпанда ЦентрКредит банкі жалған ақпаратты жария еткенін мойындап, банктің іскерлік абырой-беделіне нұқсан келтіргені үшін Бостандық аудандық сотына талап арыз берді. Банк басшылығы БАҚ құралдары арқылы баспасөз жиынын өткізіп, көпшілік алдында жалған ақпаратты жария еткендерден кешірім сұратуға және қауесетті теріске шығартуға ниеттеніп отыр. Аталмыш қаржы институты баспасөз қызметінің хабарлауынша, моральдық шығынның соммасын банк бір миллион теңгеге бағалап отыр. "Сәбденовті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпараттың шығуына орай, ЦКБ басшылығы өздерінің мәлімдемесіне қосымша енгізу жасап, нақтыланып жатқан соммаға байланысты жазықтылардан материалдық шығынды өндіруді жоспарлап отыр", - делінген банктің хабарламасында. Еске сала кетейік, смс-терроршы Дархан Сәбденов болып шықты. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол еліміздегі банктердің бірінде жұмыс істеген. Алматы прокуратурасының хабарлауынша, бұдан бұрын Сәбденовке ҚР Қылмыстық кодексінің 251 бабының, 2 бөлімі (Қару жасау, пайдалану, сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалған екен. Алайда қылмыстық іс белгісіз себептермен тоқтатылған. Енді ол істі қайта қозғау мәселесі қаралып отыр. Қазіргі таңда Сәбденов ұсталды, ол өзінің әрекетін мойындап, түсінік берген. Жалған ақпаратты тарату сарыны әлі белгісіз. Сәбденовке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 136 бабының 1 бөлімі "Алдау және сенімді ақтамау салдарынан біреудің мүлкіне зиян келтіру" бойынша іс қозғалды. Алянс банкі де шығынды төлетуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда олардың заңгерлері бұл мәселені қарау үстінде. Бұдан бұрын заңгер Джохар Өтебеков зардап шеккен банктер арандатушы хабарды таратқандарды қылмыстық жазаға тарта алмайтындығын мәлдімдеген болатын.
Ұсталған смс-терроршы ЦентрКредит банкінде стажер болып шамамен бір ай жұмыс істеген, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне банктің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Дархан Сәбденов ЦентрКредит банкінде шамамен бір ай жұмыс істеген және өз еркімен жұмыстан кетті", - деп мәлімдеді банктің Басқарма төрағасы Владислав Ли. "Ол 2013 жылдың басында банкте сынақ мерзімінен өткен. Бір айдан сәл аса уақыт жұмыс істеген соң, функционалды міндетін орындай алмағаны үшін, сонымен бірге еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан босатылған".
Сондай-ақ банк Сәбденовтың ЦентрКредит банкінің несиелерін Алматы аймағындағы бақылау орталығының маманы болып қызмет істейтіндей заңды білімі мен жұмыс тәжірибесі жеткілікті болғанын айтты. Сынақ мерзімінен өтіп, құжаттарын рәсімдейтін кезде оған қатысты қандай да бір кедергілер болған жоқ.
18-ақпанда ЦентрКредит банкі жалған ақпаратты жария еткенін мойындап, банктің іскерлік абырой-беделіне нұқсан келтіргені үшін Бостандық аудандық сотына талап арыз берді. Банк басшылығы БАҚ құралдары арқылы баспасөз жиынын өткізіп, көпшілік алдында жалған ақпаратты жария еткендерден кешірім сұратуға және қауесетті теріске шығартуға ниеттеніп отыр.
Аталмыш қаржы институты баспасөз қызметінің хабарлауынша, моральдық шығынның соммасын банк бір миллион теңгеге бағалап отыр. "Сәбденовті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпараттың шығуына орай, ЦКБ басшылығы өздерінің мәлімдемесіне қосымша енгізу жасап, нақтыланып жатқан соммаға байланысты жазықтылардан материалдық шығынды өндіруді жоспарлап отыр", - делінген банктің хабарламасында.
Еске сала кетейік, смс-терроршы Дархан Сәбденов болып шықты. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол еліміздегі банктердің бірінде жұмыс істеген. Алматы прокуратурасының хабарлауынша, бұдан бұрын Сәбденовке ҚР Қылмыстық кодексінің 251 бабының, 2 бөлімі (Қару жасау, пайдалану, сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалған екен. Алайда қылмыстық іс белгісіз себептермен тоқтатылған. Енді ол істі қайта қозғау мәселесі қаралып отыр. Қазіргі таңда Сәбденов ұсталды, ол өзінің әрекетін мойындап, түсінік берген. Жалған ақпаратты тарату сарыны әлі белгісіз. Сәбденовке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 136 бабының 1 бөлімі "Алдау және сенімді ақтамау салдарынан біреудің мүлкіне зиян келтіру" бойынша іс қозғалды. Алянс банкі де шығынды төлетуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда олардың заңгерлері бұл мәселені қарау үстінде.
Бұдан бұрын заңгер Джохар Өтебеков зардап шеккен банктер арандатушы хабарды таратқандарды қылмыстық жазаға тарта алмайтындығын мәлдімдеген болатын.