Ұялы телефонның IMEI-кодын өзгерткен алматылық ұсталды

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© фото: pexels.com © фото: pexels.com

Алматының құқық қорғау органдарының өкілдері Hi-Tech операциясын өткізді, ол киберқылмыспен күресуге арналған іс-шара, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының құқық қорғау органдарының өкілдері Hi-Tech операциясын өткізді, ол киберқылмыспен күресуге арналған іс-шара, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Операцияны өткізу барысында киберқылмыспен карсы күрес бөлімінің қызметкерлері сауда үйлердің бірінде абоненттік құрылғының идентификациялық кодын өзгерткен Г. есімді ер адам ұсталды. Ол құрылғы сату барысында бастапқы IMEI-кодын келесі цифрға өзгерткен: 000 000 000 000 000. Ұсталаған адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 213-бабына сәйкес қылмыс жасағаны анықталып отыр. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы қаласы криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Исқаков.

Оған қоса желі арқылы алаяқтық жасаған деген күдікті ұсталды. Ол жалған есіммен Instagram желісінде парақша ашып, ол жақта жалған компанияның криптовалюта мен биржа инвестициясын жасайтыны туралы жалған мәліметтер жазған. Күдікті құйылған ақшаны бірнеше еселеп қайтаратынын айтқан, ол  30 000 теңгеден бастап 100 000 теңгеге дейін ақшаны QIWI-әмиянға аударуды ұсынған. Кейін ол ақша аударған адамдарды желіде бұғаттаған. Полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған күдіктінің ұсталғанын айтты. Қазіргі уақытта одан қанша адам зардап шеккені анықталып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro