"Үйіне апарып тастаған". Оралда жүргізуші баланы қағып, кейін қашып кеткен

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Үйіне апарып тастаған". Оралда жүргізуші баланы қағып, кейін қашып кеткен

Оралда жүргізуші баланы қағып, кейін қашып кеткен, - деп хабарлайды mgorod.kz.


Оралда жүргізуші баланы қағып, кейін қашып кеткен, - деп хабарлайды mgorod.kz.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 мамырда Орал қаласының тұрғыны Гагарин мен Жәнібек көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде белгісіз ер адам баласын қағып кеткенін айтып хабарласқан.

"Ақ түсті Toyota көлігін тізгіндеген жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып, содан кейін ол жәбірленушіні тұрғылықты жеріне жеткізіп, із-түзсіз жоғалған. БҚО ДПБ-ның бүкіл жеке құрамы жүргізушіні іздеуге жұмылдырылды", - деп хабарлады полицейлер.

Қазір бала мен оның анасы медициналық тексеруден өтіп жатыр. Бала аяғының ауырғанын айтып шағымданады.

"Құқық бұзушылық баланың алған жарақатының ауырлығына байланысты тексеріледі", - деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 479.29   550.69   5.85 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети