Қостанай облысының тумасы (қазіргі уақытта Ресей азаматы) 11 жастағы қызды өлтірді деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды "ТоболИнфо".
Қостанай облысының тумасы (қазіргі уақытта Ресей азаматы) 11 жастағы қызды өлтірді деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды "ТоболИнфо".
2016 жылдың қыркүйек айында ер адам Ресейде әйелі мен баласын қалдырып, Қарасу ауылында тұратын ата-анасына көшіп келген. Ол бастапқыда жергілікті кәсіпорындардың бірінде дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Кейінірек Техникалық қызмет көрсету орталығына автоэлектрик болып жұмысқа тұрған. Сол жұмыс орнында өзінің бұрынғы танысын кездестірген. Кейіннен олардың қарым-қатынасы жақындай түскен.
"2018 жылдың 20 мамырында шамамен сағат 01.00-де күдікті таныс қызының туған күнін атап өту үшін оның үйіне барған. Екеуі түні бойы ішімдік ішкен. Ал келесі күні танысы бірнеше күнге Қостанайға кетіп, таныс қызын 2007 жылғы қызы мен үйіне қарай тұруды сұраған. Алайда ол таныс қызы келмей тұрып, Қостанайға кетіп қалған. 21 мамырда шамамен сағат 00.00-де күдікті мас күйінде ұйқыдан оянып, өзінің жыныстық құмарлығын қанағаттандыру мақсатында құрбысы үйде деп ойлап, ұйқылы ояу күйде 11 жастағы қыздың бөлмесіне қарай барған. Ол кезде қыз бөлмесінде ұйықтап жатқан.
Осыдан кейін күдікті кереуеттің шетіне отырып, қолын қыз жамылып жатқан көрпеге тыққан. Сол сәтте қыз оянып кетіп, айғайлай бастаған", - делінген Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз релизінде.
Кейін ер адам қызды ұстап алып, аузын жапқан. Салдарынан қыз тұншығып қайтыс болған.
"Содан ер адам қыздың денесін Восток ауылынан бір шақырым жердегі қырға тастап кеткен. Мұнымен қоса, қыздың аяқкиімін басқа жаққа лақтырып кеткен", - деп түсіндірді соттағылар.
Осыдан кейін ер адам үйге кіріп, есікті жауып жатса, тергеу өкілдеріне ешқайда да шықпағанын, өзінің кешкі уақытта жатып қалғанын айтатынына сенімді болған. Ол қыздың өзі бір жаққа кетіп қалған болуы мүмкін деп айтқысы келген.
Соттағылардың мәліметінше, күдікті бірнеше қылмыстық әрекеті үшін жауап береді.