"Маңғыстау облысында ұйықтап жатқан мүгедек әйелді зорламақ болған ер азамат қамауға алынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Лада" ақпарат құралына сілтеме жасап.
"Маңғыстау облысында ұйықтап жатқан мүгедек әйелді зорламақ болған ер азамат қамауға алынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Лада" ақпарат құралына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Жаңаөзен ІІБ-сіне 57 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Арыз беруші мүгедек қызын белгісіз біреудің зорламақ болғанын айтқан. Арыз беруші әйелдің сөзіне қарағанда белгісіз біреу оның 32 жастағы мүгедек қызын ауладағы тапшанда ұйықтап жатқан жерінде зорламақ болған. Жәбірленуші айғай салған соң күдікті оқиға орынынан қашып кеткен.
Жаңаөзен ІІБ-сіндегілердің мәліметінше, Аталмыш оқиғаға байланысты күдікті еш жерде жұмыс істемейтін, 33 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынған. Белгілі болғандай, ол ер азамат бұған дейін де зорлау және бұзықтық үшін сотты болған. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның мәліметіне қарағанда, 2014 жылдың шілде айында ведомствоға зорлау факті бойынша оннан аса арыз түскен. Олардың айтуынша, мұндай оқиға көбіне теңіз жағалауында орын алған. "Шын мәнінде мұндай оқиға одан да көп болуы мүмкін, өйткені кей жағдайларды жәбірленушілер жария болудан қорқып арызданбайды" дейді полициядағылар.