Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етеді. Мұндай ақпарат Алматыда өткен ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жылжымалы алқа мәжілісінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының ұйымдасқан қылмыстық топ ашу мен оған жетекшілік етуінің алты дерегі анықталды. Бюджет қаражатын жымқырудың анықталған фактілерінің саны 1,5 есеге, ал пара алу деректерінің саны төрттен бірге өсті, - деп мәлімдеді Агенттік төрағасы Рашид Түсіпбеков.
Сала басшысы жеке құрамның алдына жемқорлықтың ұйымдасқан түрін анықтау мен оның жолын кесу және жемқорлықтың көпдеңгейлі схемасы мен құқық қорғау және сот органдарындағы жемқор шенеуніктерді жою жөнінде нақты міндеттер қойған. Түсіпбековтің мәліметінше, 2014 жылдың алты айы ішінде жемқорлық қылмыстары 16%-ға көп анықталды. Жүйелі жемқорлық деректері бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны 1,5 есеге артқан. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында жемқорлық деректері 2 есеге өсті. Қылмыстық жауапкершіліктерге түрлі деңгейдегі 140 жетекші тартылған.