16 шілде 2021 | 09:02

Вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды - ІІМ

Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда вакцинация паспортын қолдан жасау дерегі бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда вакцинация паспортын қолдан жасау дерегі бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Қазақстанда ПТР-сынама нәтижелерін қолдан жасаудың 35 дерегі, жалған ПТР-анықтаманы пайдалану бойынша 16 факт анықталды. Төлқұжатты қолдан жасау дерегі бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды. Жалған вакцинация паспортын пайдалану дерегі бойынша әлі де тексеріс жүріп жатыр", - делінген ІІМ жауабында.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінде вакцинация паспортын сатып алған және коронавируспен реанимацияға түскен қазақстандықтың жағдайы туралы хабарланған болатын. Ер адам жағдайы ауырлаған кезде заңды бұзғанын мойындаған.

Реклама
Реклама

ІІМ бұл факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 миллион теңге. - ескерт.) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді.

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Жалған вакцинация паспортын қолданушыларға 160 АЕК (шамамен 467 мың теңге. - ескерт.) көлемінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға құқығы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная