Виктория Ганяның өліміне күдікті ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктория Ганяның өліміне күдікті ер адам ұсталды Виктория Ганя. ©Ng.kz

Қостанай облысында жеті жастағы Виктория Ганяның өліміне күдікті ер адам ұсталды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Рудный қалалық сотының өкілдері хабарлады. Еске салайық, Виктория Ганя 24 сәуірде із-түссіз жоғалып кетіп, бір айдан соң мәйіті табылған еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жеті жастағы Виктория Ганяның өліміне күдікті ер адам ұсталды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Рудный қалалық сотының өкілдері хабарлады. Еске салайық, Виктория Ганя 24 сәуірде із-түссіз жоғалып кетіп, бір айдан соң мәйіті табылған еді.

Сот 1995 жылы туған ер адамды тұтқындауға санкция берген. "Қазіргі уақытта ақпарат жиналып жатқандықтан, оны кінәлі деп есептеуге толық негіз жоқ. Қаулы 10 күн ішінде күшіне енеді, содан кейін барып ол қамауға алынады".

Виктория Ганяның өліміне күдікті адамға қатысты кейбір мәліметтерді "Наша газета" порталы анықтады. 19 жастағы жігіт психиатрдың есебінде тұр. Соңғы кездері ол "Тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы" мемлекеттік мекемесінде тұрған. Ол сол жерде ұсталды. Жігіттің балалық шағы балалар үйінде және интернаттарда өткен, себебі анасы ата-аналық құқығынан айырылған.

Әлеуметтік бейімдеу орталығы өз қарауындағы адамның тұтқынға алынғанын растамады да, жоққа шығармады да. Басылымның хабарлауынша, о баста полиция 30 жастағы ер адамды іздестіріп, 19 жастағы күдіктінің ізіне түспеген. Оның себебі күдікті өзінің жасынан әлдеқайда үлкен көрінетін болып шықты.

19 жастағы жігіт полицейлерден бой тасалауға әрекеттенген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, оның нәтижесі күдіктінің кінәсі бар-жоғын анықтайтын болады.

Еске сала кетейік, 22 мамырда Виктория Ганяның мәйіті табылған болатын. Қыз баланың бас-ми жарақатынан қайтыс болғаны анықталды. Мәйітті тапқан ерікті Владимир Радченко әуеліде полицейлердің қолында болған бейнебақылау жазбаларын пайдаланғанын айтты. Волонтер жедел іздестірушілердің қыздың денесін қалайша ұзақ уақыт бойы таба алмағанына таңғалады. Викторияның өлімі бойынша тергеуді дұрыс жүргізбегені үшін облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары жазаланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети