"Жеті жасар Виктория Ганяның өліміне қатысты іздеу жұмыстарын дұрыс жасамағыны және қылмыс орынын анықтауды сапасыз жұмыс жүргізгені шін Қостанай облыстық ІІД бастығының орынбасарлары Ерлан Файзуллин мен Мейрқан Торғаев, сондай-ақ жедел-тергеу тобының барлық мүшелері мен Рудный ІІБ басшылары жазаланды" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жеті жасар Виктория Ганяның өліміне қатысты іздеу жұмыстарын дұрыс жасамағыны және қылмыс орынын анықтауды сапасыз жұмыс жүргізгені шін Қостанай облыстық ІІД бастығының орынбасарлары Ерлан Файзуллин мен Мейрқан Торғаев, сондай-ақ жедел-тергеу тобының барлық мүшелері мен Рудный ІІБ басшылары жазаланды" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, Виктория Ганя осы жылдың 24 сәуірі күні жоғалып, оның өлі денесі 22 мамыр күні табылған болатын.
Сонымен қоса полициядан Виктория Ганяның мәйіті табылған жерде түсірілген суреттерді жария ету факті бойынша қызметтік тексеру жүріп жатқанан хабарлады. "Айыптылар анықталады және ішкі істер органы қызметінен босатылады" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Ведомствоның мәліметіне қарағанда, ІІД бастығының орынбасары Атыгай Арыстанов Рудныйға келіп, жедел-тергеу тобын басқарыуда. Қостанай облыстық ІІД "бұл қылмысты ашу полиция қызметкерлері үшін абырой. Қазіргі уақытта полиция қылмыскерді құрықтауға барлық күш пен мүмкіндікті салып жатыр. Алайда тергеуге кедергі жасаушылар да бар. Базбір блогерлер полиция мен еріктілердің жұмысын бөліп қарайды. Олар осындай әрекеттерімен қылмыскерді табуға кедергі жасап қана қоймай, құқық қорғау органы мен тұрғындар арасында алауыздық тудырып отыр" деп мәлімдеді.
Естеріңізге салсақ, таяуда Интернет желісінде қайтыс болған Виктории Ганяның үрейлі суреттері жария болған еді. Мәйітті тапқан блогер Владимир Радченко бұл суреттерді түсірген тек полиция болуы мүмкін деп мәлімдеді. Еріктінің айтуынша, іздеуге сол маңдағы бейнекамерадағы жазба көмектескен, ал ол бейнежазба осы уақытқа дейін полицияның қолында болған. Ол осы уақытқа дейін полицияның бейнежазбаны мұқият қарап, қылмыс орнын анықтамағанын түсінбейітінін айтады. Өзге де азаматтар полицияны немқұрайдылықта айыптап отыр. Қостанай облыстық ІІД мәліметіне қарағанда Виктория Ганя басқа тиген ауыр соққыдан көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыздың жоғалуына орта бойлы, еуропа нәсілдік ер азаматтың қатысы болуы ықтимал. Күдіктінің фотороботын жасауға сол күні жәбірленушімен бірге ойнаған қыз балалар көмектескен.