ПОДЕЛИТЬСЯ
03 шілде 2019 | 09:58
Вице-министр Эльмира Суханбердиева айыбын мойындады ма?
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Ол процессуалдық келісімге келіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Ол процессуалдық келісімге келіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Вице-министр бойынша, қорғаушы-адвокат жүгінгенін ескере отырып, ол процессуалдық келісімге келу жолымен іс жүргізуге дайын. Іс жедел түрде сотқа жіберілді", - деді Шпекбаев білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңсенің ашылуында.
Соттың шешімімен Суханбердиева 6 тамызға дейін қамауда болады. Оған пара алды және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.
"Тестілеу орталығың директоры бойынша іс әлі тергеуде. Жақын арада аяқтаймыз деп ойлаймын. Бізде көпэпизодты, созылмалы істер болды. Бірақ қазіргі заңнама басқаша, егер олар өз әрекеттерін мойындаса, іс жедел тәртіпте сотқа жіберіледі. 10 күннің ішінде сот қарайды деп ойлаймын", - деді Шпекбаев.
Тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов 20 шілдеге дейін қамауға алынған. Экс-басшы делдал арқылы жүйелі түрде ірі көлемде пара алды деп айыпталып жатыр.
Сонымен қатар, 2016 жылы Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қызметін атқарған басшыға білім беру жүйесінің қызметіне байланысты мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде үлестес компаниялардың мүдделерін лоббилендіргені үшін пара ретінде құны 9 миллион теңгеден асатын Toyota Camry маркалы автокөлік алды деген айып тағылды.
Показать комментарии
Читайте также