Вице-министр Эльмира Суханбердиева айыбын мойындады ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Эльмира Суханбердиева Эльмира Суханбердиева

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Ол процессуалдық келісімге келіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Ол процессуалдық келісімге келіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Вице-министр бойынша, қорғаушы-адвокат жүгінгенін ескере отырып, ол процессуалдық келісімге келу жолымен іс жүргізуге дайын. Іс жедел түрде сотқа жіберілді", - деді Шпекбаев білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңсенің ашылуында.

Соттың шешімімен Суханбердиева 6 тамызға дейін қамауда болады. Оған пара алды және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. 

"Тестілеу орталығың директоры бойынша іс әлі тергеуде. Жақын арада аяқтаймыз деп ойлаймын. Бізде көпэпизодты, созылмалы істер болды. Бірақ қазіргі заңнама басқаша, егер олар өз әрекеттерін мойындаса, іс жедел тәртіпте сотқа жіберіледі. 10 күннің ішінде сот қарайды деп ойлаймын", - деді Шпекбаев.

Тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов 20 шілдеге дейін қамауға алынған. Экс-басшы делдал арқылы жүйелі түрде ірі көлемде пара алды деп айыпталып жатыр. 

Сонымен қатар, 2016 жылы Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қызметін атқарған басшыға білім беру жүйесінің қызметіне байланысты мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде үлестес компаниялардың мүдделерін лоббилендіргені үшін пара ретінде құны 9 миллион теңгеден асатын Toyota Camry маркалы автокөлік алды деген айып тағылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer