В.Каркуланы өлтірген екі адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

В.Каркуланы өлтірген екі адам ұсталды Виталий Каркула. Фото ©http://mgorod.kz

В.Каркуланы өлтірген екі адам ұсталды, біреуі іздеуде. Бүгін Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде өткен брифингте жергілікті кәсіпкер В.Каркуланы өлтірген екі адамның қамауға алынғаны белгілі болды. "Қоғамда үлкен резонанс туғызған қылмыс толық ашылды. Қос күдікті ұсталып, абақтыға тоғытылды, үшіншісіне іздеу жарияланды" деді Tengrinews.kz тілшісіне БҚО ІІД басшысы Махамбет Әбисатов. Оның айтуынша, кәсіпкерді өлтірген топтың бір мүшесі оны жақсы таныған, кезінде қоластында жұмыс жасаған. Көрші ауылда тұрған. Ол қасындағы екі серігіне Каркуланың қай кезде үйінде болатындығы, көршілерінің ауласының орналасу тәртібі, аулада иттің бар-жоғы, қылмыс жасағаннан кейін қашатын жол туралы ақпаратты жеткізіп отырған. "2014 жылдың 13 қаңтарына қараған түні қылмыскерлер кәсіпкердің үйіне терезе арқылы кіріп, Витали Каркуланы басынан үш рет атып өлтірген. Зайыбы Валентина Каркуланы ұрып-соғып, 1 млн. теңге ақшаны, құны 3 млн. теңге құрайтын әшекей бұйымдарын және әзірге анықталмаған көлемдегі Ресей рублін тартып алған. Қылмыскерлердің бар мақсаты – қарақшылық шабуыл жасау арқылы ақша мен әшекей бұйымдарына иелік ету болған және Валентина Каркуланы өлтіре алмаған себебі - кәсіпкердің зайыбы сытылып шығып, ішкі бөлмеге кіріп, "құтқарыңдар!" деп айғай салады. Шу шығып кетеді деп қорыққан қарақшылар дереу үйден қашып шығып, көлікке отырып кетеді. Күні бүгін екі адам ұсталды, олардан мылтық пен көлік, бетперде, қылмысқа қатысты басқа да айғақ заттар тәркіленді. Қылмыскерлерді қалай құрықтау мүмкін болды деген сауалға тоқталар болсам, ІІД мен банк және жеке ұйымдардың бейнекамераларындағы бірнеше мыңдаған жазбалар електен өткізілді. Табылған тұлғаларды "Портрет" ақпараттық-іздеу жүйесіне енгізген кезде В.Каркуланы өлтірген қылмыскерлерге ұқсас 32 адамның бейнесін берді. Қылмыс жасаған 3 адам солардың арасында болды. Үшеуі де бұрын сотталған", - деді М.Әбисатов. Екі адам ұсталғанымен, үшіншісі әлі қашып жүр. Оның есімі белгілі. Ол аса қауіпті қылмыскер, бұған дейін кісі өлтіріп және қарақшылық жасап үш рет сотталған, Орынбор облысының тумасы, 1980 жылы туған Тоғаев Азамат Жұмағалиұлы. 2012 жылдың наурыз айында түрмеден босаған А.Тоғаев кәсіпкерге қастандықты ұйымдастырушы болып есептеледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети