14 қыркүйек 2020 13:11

WhatsApp-та Павлодар колониясынан қашқан қылмыскерлер туралы хабарлама тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsАpp-та Павлодар колониясынан аса қауіпті қылмыскерлердің қашқаны туралы хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


WhatsАpp-та Павлодар колониясынан аса қауіпті қылмыскерлердің қашқаны туралы хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp-та үш ер адамның суреті тарады. Олардың қатаң режимдегі колониядан қашып кеткені және қазір жасырынып жүргені айтылады.

Қылмыстық-атқару жүйесінің аймақтық департаментінің өкілдері бұл хабарламаның жалған екенін айтты.

"Әлеуметтік желілерде Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан үш сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Павлодар облысының ҚАЖ мекемелерінен қашып кету және жазасын өтеуден жалтару тіркелген жоқ", - деді ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети